Алғыс айту күні қарсаңында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесінде қызмет атқарған ардагерлерге алғыс айтып, қылмыстық-атқару жүйесін нығайтуға қосқан үлесі үшін шексіз ризашылықтарын білдіру мақсатында ардагерлердің шаңырағында болды.
Барша ардагерлерге ризашылықтарын білдіріп, мекеме басшысы, әділет подполковнигі Мақсұт Өтегенұлы тарапынан алғыс хат табысталды. Мекеме басшысы ардагерлермен емен-жарқын сұхбаттасып, қызығы мен қиындығы қатар жүретін қызмет жолдарын еске алып, мерекеден мерекеге аман жетуін тілеп, алғысын айтты.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!