Сейсенбі, 30 желтоқсан, 23:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№99, (2211)
27.12.2025
PDF мұрағаты

Аса ірі мөлшерде есірткі сатқан бұрын сотты болған азамат ұсталды

30.12.2025

57 0

Сурет: polisia.kz

Екібастұзда полицейлер 26 жастағы есірткі таратушыны ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екібастұз қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен Жұмат Омашев көшесіндегі үйлердің бірінің маңында 26 жастағы бұрын сотталған есірткі заттарының заңсыз айналымына күдіктіні ұстады.

Күдіктіні жеке тінту барысында оның киім қалталарынан және сөмкесінен 27 орам табылды. Аталған орамдарды ол жасырын «қойма» жасау арқылы өткізбек болған.

Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған заттар жалпы салмағы 27 грамнан асатын синтетикалық есірткі заты болып шықты, бұл «аса ірі мөлшерге» жатады.

Күдікті интернет-дүкен арқылы есірткі заттарын сатып алып, оларды әрі қарай жеке табыс табу мақсатында таратумен айналысқанын түсіндірді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, өндіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмыс үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазіргі уақытта ұсталған тұлғаның заңсыз әрекеттерінің барлық эпизодтарын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: