Дүйсенбі, 25 қараша, 23:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Ата Заңым – ардақты

31.08.2023

403 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінде Елдігіміздің белгісі Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданған күн – 30 тамыз Конституция күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.

Шарада мекеме бастығы, әділет подполковнигі Мақсұт Өтегенұлы Қылмыстық-атқару жүйесінде абыройлы қызмет етіп, зейнет жасына жеткен мекеменің режим бөлімінің жедел уәкілі әділет капитаны Ілияс Жеңісбек Ілиясұлын, мекеменің кезекші қызметінің мекеме бастығының кезекші көмекшісі әділет капитаны Сулейменов Мухтар Мирманұлы, мекеменің жедел бөлімінің діни экстремизмге қарсы әрекет ету тобының жедел уәкілі Амантаев Сержан Сейітханұлын келіп жеткен мерекемен құттықтап, ұжым атынан естелік сый табыстады.

  • Құрметті мекеме ұжымы. Бүгін қылмыстық-атқару саласында аянбай адал еңбек етіп, зейнет жасына келген қызметкерлерді абыроймен шығарып салудамыз. Аға ұрпақ пен жас буынның қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз,-деді өз сөзінде мекеме бастығы Мақсұт Өтегенұлы.
    Іс-шара әрі қарай мекеме қызметкерлерін марапаттаумен жалғасып, жиын соңы мерекелік концертке ұласты.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: