Дүйсенбі, 31 наурыз, 13:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№22,2135
29.03.2025
PDF мұрағаты

Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі

28.02.2025

211 0

Фото: Н. Нұржаубай

Қызылорда облысы Әділет Департаментінің филиалы Қызылорда қаласының №2мәжбүрлеп орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушыларының (бұдан әрі-МСО ) атқарлатын қызметері. Қазақстан Республикасының Əділет Министрлігінің «Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің» (бұдан əрі-АІЖО ААЖ)– атқарушылық іс жүргізуді есепке алуды электрондық нысанда жүзеге асыра отырып, МСО процестік әрекеттерін автоматтандыруға, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу тараптарының атқарушылық іс жүргізу барысында деректер алуына арналған ақпараттық жүйесімен жүзеге асады.

ҚР атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасы ҚР Конституциясына негізделеді және ҚР басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. МСО-азаматтық және әкiмшiлiк iстер бойынша сот шешiмдерiнің, ұйғарымдардың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша нұсқамалар мен қаулылардың, мүлiктiк өндiрiп алу бөлiгiнде қылмыстық iстер бойынша үкiмдер мен қаулылардың, сондай-ақ өзге де органдар қаулыларының негізінде берілетін атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды мiндеттi және уақтылы қолдану атқарушылық iс жүргiзудің мiндеттерi болып табылады. Сонымен қатар борышкерлердің бірыңғай тізілімі – атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер туралы мәліметтерді қамтиды. МСО – мемлекеттік қызметтегі және атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды қабылдау бойынша өзіне заңмен жүктелген функцияларды орындайтын лауазымды адам болып табылады. МСО– атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды қабылдау бойынша өздеріне заңмен жүктелген функцияларды орындайтын және осы Заңда көзделген алып қоюлар үшін тең құқықтары мен міндеттері бар МСО болып табылады. МСО қаулысы – атқарушылық іс жүргізу процесінде сот орындаушысы қабылдайтын іс жүргізу шешімі құжаты болып табылады. Толық мәжбүрлеп орындату – атқарушылық құжат МСО іс жүргізуінде болған кезеңде оны толық көлемде орындауға міндеті болып талады. МСО орындауына қабылданған істердің әлеуметтік маңызы бар санаты – алименттерді, жалақыны, зейнетақыларды, жәрдемақыларды өндіріп алу, өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу туралы атқарушылық құжаттарды қамтиды. МСО  – негізгі принциптерізаңдылық, атқарушылық іс-әрекеттерді жүргізу мен мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануы, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу, борышкер мен оның отбасы мүшелерінің өмір сүруіне қажетті мүліктің ең аз мөлшеріне қол сұғылмауы, өндіріп алушы талаптарының көлемі мен мәжбүрлеп орындату шаралары арақатынасының салыстырмалылығы, өндіріп алынған сомалар кезектің барлық талаптарын толық қанағаттандыруға жеткіліксіз болған кезде оларды бір кезектегі өндіріп алушылар арасында бөлудің барабарлығы, атқарушылық құжатты мәжбүрлеп орындату жөніндегі шығыстарды борышкердің есебінен өтеу және  сот орындаушысының іс жүргізу әрекеттері мен қаулыларына сотқа шағымдануға құқылы екенің түсіндіруге.

Ж.Саткеева,

Қызылорда облысының әділет департаментінің бөлім басшысы,

аға сот орындаушысы                                                                       

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: