Атырау облысында 11 жастағы жасөспірімді көлік қағып кетті. Жеткіншек оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды IIM Telegram-арнасында.
Ведомство мәліметінше, оқиға бүгін, 20 қазанда сағат 07.45-те Құлсары қаласында болған.
Toyota Prado автокөлігінің 73 жастағы жүргізушісі 11 жастағы жасөспірімді қағып кеткен. Ол оқиға орнында мерт болған.
Құзырлы орган жариялаған видеодан жасөспірімді жолдан жүгіріп өтпек болған кезде көлік қаққанын байқауға болады.
Ішкі істер министрлігі аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлім етті.
Видеоны көру үшін сілтемеге өтіңіз: https://youtube.com/shorts/WX6LunnLvRc?feature=share
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!