Жігіттермен төбелескен желі жұлдызы Амилай айыпты болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бірнеше күн бұрын атышулы трансгендер Амилай жігіттермен төбелесіп қалған видеосы тараған еді. Ол ұсақ бұзақылық үшін істі болды.
5 желтоқсанда Алматыдағы Абай-Әуезов кешелерінің қиылысында болған оқиғаға қатысты полиция департаменті тергеу жүргізіп, ұсақ бұзақылық үшін іс қозғады. Сотта трансгендер кінәсін мойындап, болған оқиғаға өкінетінін жеткізді.
Нәтижесінде ол жеті тәулікке қамауға алынды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!