Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Автокөлікті мас күйінде басқарған

03.08.2022

695 0

Рейдтік шаралар барысында 31 шілде күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен ауданның көшелердің бірінде жол жүрісі қағидаларын бұзған жеңіл автокөлігі тоқтатылды.
Жеке басын анықтау барысында жүргізуші алкогольді спирт ішімдігін ішкендігі анықталды. Құқық бұзушының наркологиялы  сараптама
нәтижесі бойынша оның, жеңіл дәрежелі масаң күйде болғандығы
анықталды.

Тәртіп бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру –он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, автокөлігі айып алаңына қойылды.   

Жол-көлік оқиғасының алдын алу және болдырмау шараларын күшейту мақсатында полиция қызметкерлері қала тұрғындарын жолдардағы ерекше  жауапкершілік туралы ескертеді.

  Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: