Бейсенбі, 27 қараша, 16:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90 (2202)
25.11.2025
PDF мұрағаты

Авторлық құқықтан патентке дейін: Қазақстанда заңнама өзгереді

06.11.2025

126 0

Фото: mobilaser.kz

Сенат отырысында сенатор Жанна Асанова «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сенатордың айтуынша, заң жобасының басты мақсаты – зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру, креативті экономиканың дамуына жағдай жасау, инвестициялар тарту, сондай-ақ саланы заманауи талаптарға сай құқықтық тұрғыда реттеу.

Заң жобасы авторлық және сабақтас құқықтар, тауар таңбалары, патенттер мен өзге де зияткерлік меншік объектілеріне қатысты нормаларды нақтылап, халықаралық стандарттарға сәйкестендіреді. Құжатта Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы аясындағы міндеттемелер мен цифрландыру және креативті индустрияның дамуы сияқты жаһандық үрдістер ескерілген, – деді сенатор.

Жаңа заң жобасында көзделген негізгі өзгерістер:

  1. Хабар тарату ұйымдарының құқықтарын қорғау.
    Эфирлік және кабельдік хабар таратушылардың өз өнімдерін және қайта трансляциялау құқықтарын нақтылау ұсынылды. Бұл контентті заңсыз пайдалануға жол бермейді.
  2. Көру қабілеті бұзылған азаматтарға қолжетімділік.
    Авторлық құқықпен қорғалатын шығармаларды арнайы форматтарда ұсынуға рұқсат беріледі. Бұл инклюзивті қоғам қағидатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
  3. Тауар таңбаларын жедел тіркеу тетігі.
    Жаңа тәртіп бойынша алдын ала сараптама 10 жұмыс күні, ал толық сараптама 3 ай ішінде жүргізіледі. Бұрын бұл мерзімдер тиісінше 1 ай және 7 ай болған. Бұл жаңашылдық шағын және орта бизнес үшін қолайлы жағдай жасайды.
  4. Қарсылық білдіру мерзімінің ұлғаюы.
    Тауар таңбасын тіркеуге қарсылық білдіру уақыты 1 айдан 2 айға дейін ұзартылды. Бұл мүдделі тұлғаларға өз дәлелдерін сапалы дайындауға мүмкіндік береді.
  5. Тіркеуден бас тарту негіздерін нақтылау.
    Түзетулер қызмет көрсету орны мен өзге де факторларды ескере отырып, құқықтық айқындықты арттыруға бағытталған.
  6. Патент беру үдерісін оңтайландыру.
    Өнертабысқа патент беруден ресми сараптама кезеңінде-ақ бас тарту мүмкіндігі енгізіледі. Бұл өтінімдерді қарау уақытын қысқартып, патент сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Сенатор Асанованың сөзінше, қабылданатын түзетулер Қазақстанның креативті экономикасын дамытуға, зияткерлік меншік иелерінің құқықтарын тиімді қорғауға және инновациялық белсенділікті арттыруға бағытталған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: