ҚР Ішкі істер министрлігі соңғы уақытта желіде жиі тарап жүрген автожолдағы «қақпан» туралы толыққанды ақпарат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ІІМ бұл мәліметтердің жалған екенін мәлімдеді.
«Желіде жол бойында ішінде жалған нәресте бар автоорындықтардың тұрғанын, мұның көлікті тоқтату үшін құрастырылған айла екені айтылған, сондай-ақ, тоқтаған жағдайда бәзбіреулердің жұмыртқа лақтыратындығы жайлы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді»,- делінген ведомство мәліметінде.
Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желі қолданушыларына бұқаралық ақпарат құралдары немесе ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы әдейі жалған ақпарат таратудың заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.
«Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге кеңес береміз», – деп қорытындылады ведомство.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
