Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы «Киік» жедел-профилактикалық іс шарасы барысында 8 тамыз күні сағат 16:40 шамасында аймақты аралау барысында Ақсуат ауылының тұсында жергілікті тұрғынды тоқтатқан. Тексеру барысында тұрғынның өзімен бірге ІІО тіркеуде жоқ, 16-калибрлі, 1 ұңғылы аңшы мылтығын заңсыз алып жүргені анықталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482–бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданады.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!