Сейсенбі, 02 желтоқсан, 09:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
92, (2204)
02.12.2025
PDF мұрағаты

Аумақтан тыс соттылық: әділ сотқа қолжеткізудің тиімді тетігі

02.12.2025

29 0

Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

Аумақтан тыс соттылық туралы мәселе Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) 2021 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістермен айқындалды. Атап айтқанда, Кодекстің 32-бабына (Шарттық соттылық) енгізілген түзетулер 2022 жылдың 1 тамызынан бастап күшіне енді.

Жаңартылған 32-баптың мазмұны төмендегідей: тараптар істі сот талқылауына дайындау кезеңінде өзара келісіммен аумақтық соттылықты өзгертуге және эксаумақтық соттылықты таңдауға құқылы. Алайда Кодекстің 31-бабында көзделген соттылықты келісім арқылы өзгертуге жол берілмейді.

Бұл норманы талдай отырып, «эксаумақтық соттылық деген не?» деген заңды сұрақ туындайды. Қазіргі таңда сотқа тіркелген әрбір іс автоматтандырылған IT-жүйе арқылы сол соттың белгілі бір судьясына бекітіледі. Ал жаңа өзгерістерге сәйкес, тараптар іс дайындау сатысында аумақтан тыс соттылықты қолдану туралы ортақ жазбаша өтініш білдірсе, іс еліміздің кез келген өңіріндегі сотқа бөлінуі мүмкін. Жүйе автоматты түрде жүктемесі аз сотты таңдайды.

Бұл тетік сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, тараптардың жергілікті байланыстар арқылы ықпал ету мүмкіндігін шектеуге бағытталған. Істің басқа облыстың судьясына тапсырылуы шешімдердің объективтілігі мен әділдігіне деген сенімді арттыра түседі.

Қорытындылай келе, аумақтан тыс соттылық қағидаты – сот жүйесінде ашықтықты, әділдікті және бейтараптықты нығайтуға арналған маңызды құрал. Бұл жаңашылдық сот жүйесін жетілдірудің, азаматтардың құқықтарын тиімді қорғаудың және соттарға деген қоғамдық сенімді арттырудың айқын көрінісі болып табылады.

М.Д.Атабаева

Қызылорда қаласының №2 сотының жетекші маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: