Дүйсенбі, 19 мамыр, 15:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36,2149
17.05.2025
PDF мұрағаты

Аумақтан тыс соттылық ерекшелігі

19.05.2025

50 0

Сурет: Н.Нұржаубай

Елімізде 2021 жылғы 20 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейін реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаннан кейін   енізілген өзгерістің бірі — эксаумақтық соттылықты енгізу.
Соттылық дегеніміз — сот ісін қарауға тиісті нақты соттың ұйғарымы. Соттылық кезінде аудандық және мамандандырылған соттардың құзыреттері ажыратылады. Осы орайда аумақтық соттылық — сот жұмыс істейтін аумаққа байланысты сотты таңдау.
Аумақтық соттылық мынадай түрлерге бөлінеді: баламалы (талап қоюшының таңдауы бойынша соттылық), айырықша (нақты даулар бойынша соттылық заңда айқындалады), шарттық (тараптардың келісімі бойынша соттылық). 2022 жылдың 1 тамызынан бастап экстерриториялық, яғни эксаумақтық соттылық принципі қолданысқа енгізіліп, жетілдіріле бастады. Эксаумақтықсоттылық қағидаты талап қою немесе азаматтық іс республиканың барлық соттары арасында бөлінетін болады. Компьютерлік бағдарлама арқылы автоматтандырылған тәсілмен оның аумақтық орналасуына қарамастан, жүктемесі аз сот іріктелетін болады. Басқаша айтқанда, талапкер мен жауапкер бір аймақта, ал сот басқа аймақта болатын жағдай мүмкін болады. Жаңашылдықтың мақсаты — сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сот жүктемесін бүкіл ел бойынша біркелкі бөлу. Жаңалыққа сәйкес тараптар даулар туындаған жағдайда істі құзыретті сот эксаумақтық соттылыққа сәйкес шешетіні туралы дербес уағдаласа алады. Эксаумақтық соттылықты тараптар шартта немесе қосымша келісімде арнайы тармақпен белгілейді.
Атап айтқанда, тараптар ведомстволық соттылықты немесе айрықша соттылықты тараптардың келісімімен өзгертуге болмайтынын, ведомстволық немесе айрықша соттылықты өзгерту туралы шарттың талаптары елеусіз болатынын, яғни эксаумақтық соттылық — бұл бүкіл ел бойынша бірінші инстанция сотын оның мамандануын ескере отырып, таңдау туралы шарт екенін ескеруі қажет.
Сонымен қатар эксаумақтық соттылықтың келесі артықшылықтарын атап өтуге болады: 1) азаматтық істі ел аумағындағы кез келген сот қарауы мүмкін. Бұл жергілікті биліктің, тараптардың ықтимал ықпалын азайтып соттардың тәуелсіздігі мен бейтараптығын арттырады; 2)республиканың барлық соттары бойынша сот жүктемесін біркелкі тең бөлу аумақтан тыс соттылықтың ерекшеліктерін айқындап береді.

Н. Асылбекова

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маман-сот отырысының хатшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: