Сәрсенбі, 27 қараша, 03:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы ұсталды

17.08.2021

927 0

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Ақмола облысы «Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысына қатысты тергеу жүргізілуде. Ол өзінің қызметін пайдаланып облыс кәсіпкерлерінен ірі көлемде пара алды деп күдіктелуде.

14 тамызда соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қызылорда облысында мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы қамауға алынғанын хабарлаған болатынбыз. Ол кәсіпкерден нысанды кедергісіз қабылдағаны және ақшаны уақытында аударғаны үшін миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: