Сенбі, 06 шiлде, 19:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

Ауыл шаруашылығы өндірушілерін субсидиялау бойынша проблемалық мәселелері талқыланды

27.01.2022

524 0

«Antikor Ortalygy» сервистік орталығында ауыл шаруашылығы өндірушілерін субсидиялау бойынша проблемалық мәселелерін анықтау және Агенттіктің бастамасымен ауыл шаруашылығы саласына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдаулар нәтижиесімен таныстыру мақсатында кәсіпкерлермен кездесу өтті.

Кездесуге Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Оспанов Нұржан Қазбекұлы, Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы, «Nur Otan» облыстық партиясының бөлім меңгерушісі Исмайлова Гаухар Бақытжанқызы, Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Серіков Жасұлан, ZOOM платформасы арқылы аудандық ауыл шаруашылық бөлімдері мен кәсіпкерлер қатысты.

Кездесу барысында кәсіпкерлерді департаменттің басқарма басшысы Нұржан Қазбекұлы өз сөзінде сыртқы талдаудың барысында өңірімізде орын алған кемшіліктер бойынша қысқаша тоқталып, талдау қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытында әзірленген ұсынымдармен таныстырды.

Шара соңында, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қайратбек Әубәкірұлы талдау қорытындысына сәйкес 2022 жылғы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерін субсидиялауға енгізіліп жатқан өзгерістер бойынша баяндама жасап, кәсіпкерлердің сауалдарына жауаптар берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: