Сенбі, 21 желтоқсан, 21:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ауыл тұрғыны дүкеннен ұрлық жасаған

24.04.2021

1839 0

Оқиға 22 сәуір күні Қызылорда облысы Қазалы ауданының Шәкен ауылында орын алған.

Дүкен иесі ұрлық болғанын байқап, аудандық полиция бөліміне хабар берген. Белгісіз біреу дүкеннің терезесін сындырып, ішіне кіріп сатылымға қойған тауарларды ұрлаған. Жәбірленушіге 200 мың теңге залал келтірген.

Жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде тәртіп сақшылары ізін суытпай күдіктіні анықтады. Ол осы ауылдың тұрғыны болып шықты.  

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-баптың 3-бөлігінің 3-тармағына сәйкес (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: