Жұма, 21 наурыз, 09:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№20,2133
18.03.2025
PDF мұрағаты

Азаптаудың және басқа да қатыгездік пен жазаның алдын алу мәселесі талқыланды

20.03.2025

255 0

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі департаментінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілінің бастамасымен «Азаптаудың және басқа да қатыгездік пен жазаның алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері және өзге де мүдделі мемлекеттік органдар қатысты.
Дөңгелек үстел ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет полковнигі Шаймерден Тәжіқұлұлы Есенкелдиевтің төрағалығымен өтті. Жиынның басты мақсаты – азаптау және басқа да қатыгездік пен жазаның алдын алу, осы бағыттағы заңнаманы жетілдіру және оны тиімді іске асыру жолдарын түсіндіру.
Әділет полковнигі Шаймерден Есенкелдиев өз сөзінде мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан реформаларға тоқталып, Мемлекет басшысының тапсырмасымен азаптауға қарсы күрес саласында түбегейлі өзгерістер орын алғанын атап өтті.
Сонымен қатар, ҚАЖ мекемелерінде азаптаудың алдын алу мақсатында кәсіби құқықтық даярлық сабақтары өткізілетінін айтты.
Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Ұзақұлы Байхожаев өз баяндамасында 2024 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, өткен жылдың 12 айында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірдегі өкілі ҚАЖ мекемелеріне 26 рет барып, 71 арнайы контингентті жеке қабылдаған. Сонымен қатар, Ұлттық алдын алу тетігі аясында мекемелерге 4 рет жоспарлы сапар ұйымдастырылып, азаматтардың құқықтарының сақталуы қадағаланған.
ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Жәнібек Зиябеков өз баяндамасында азаптаудың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды баяндап, түзеу мекемелеріндегібейнебақылау камералары құқықбұзушылықтарды дер кезінде анықтауға және соқыр аймақтарды болдырмау, азаптау мен заңсыз әрекеттердіі алдын және сотталғандардың құқықтарының сақталуы қамтамасыз етіледі деді.
Жиын соңында қатысушылар азаптаудың және қатыгездікпен жазалаудың алдын алу бағытында өзара ынтымақтастықты нығайту қажеттігін атап өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: