Сейсенбі, 24 желтоқсан, 08:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Азаптауларға және ІІО-да жұмыстың өзге де рұқсат етілмеген әдістеріне қарсы іс-қимыл мәселелері» бойынша семинар өтті

07.11.2024

357 0


Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Зиябеков Джанибек Мельдибекович пен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Шарипбаев Дәурен Сақтапбергенұлы және Астана қаласы «Қадір-қасиет» ҚБ директоры Ибраева Анара Нұрлыбекқызы, ҚР бас прокуратурасы Құқық қорғау органдары академиясының аға оқытушысы Нұрхан Айбар Серікұлы, Қызылорда облысы Шиелі аудандық сотының төрағасы Бекетаев Нұржан Нұраддинұлымен бірлесіп «Азаптауларға және ІІО-да жұмыстың өзге де рұқсат етілмеген әдістеріне қарсы іс-қимыл мәселелері» тақырыбында, адам құқықтары мен бостандықтары, заңды мүдделерін қорғау мақсатында семинар кеңес өткізілді.
Семинарда Джанибек Мельдибекович 2023-2024 жылдарға арналған сотқа дейінгі кезеңге және қылмыстық-атқару жүйесіндегі азапауларға және тергеу мен анықтаудың өзге де рұқсат етілмеген әдістеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді шаралар жоспарының мүлтіксіз сақталуын және сапалы іске асырылуын қамтамасыз еуді, азаптауларды қолдану туралы өтініштер мен хабарламаларды уақытылы тіркеу, прокурорға дереу хабарлай отырып, бейнежазбалар мен басқа да дәлелдердің сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау керектігін атап өтті.
Кеңеске қатысқан адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Д.Шәріпбаев адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесі жөнінде ой қозғады. Сонымен қатар Анара Нұрлыбекқызы мен Нұрхан Айбар және Нұржан Нұраддинұлы тәжірибе барысында қолданған мысалдарымен тыңдаушыларға адамның құқықтары мен бостандықтары туралы ғана емес, сонымен қатар азаматтардың мемлекет пен қоғам алдындағы міндеттері туралы да айтып берді.
Семинар барысында қатысушылар адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық жүйесімен, ел аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын өзге де адамдардың азаматтық, еңбек, әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық –зомбылық тақырыбы аясында оның алдын алу, әрі шешу тетіктерімен танысты.


№60 мекеме баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: