Байқоңыр қалалық мансап орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Бұл шараға Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған жұмыссыз 10 сотталған азамат қатысып, олардың алтауы тұрақты жұмысқа орналасуға жолдама алды.
Пробация қызметінің басты міндеттерінің бірі – есептегі азаматтарды жұмысқа орналастыру және қоғамға бейімдеу. Байқоңыр қалалық пробация қызметінің инспекторы әділет капитаны Самрат Спановтың айтуынша, қазіргі таңда пробация есебінде 40-қа жуық сотталған тұр, оның ішінде 10-ы жұмыссыз. Осы жәрмеңке аясында алты сотталған азамат жұмысшы ретінде жолдама алды.
“Біздің мақсатымыз – пробация есебіндегі азаматтарды әлеуметтік ортаға бейімдеу, олардың тұрақты жұмыс тауып, заң талаптарын сақтауына ықпал ету. Жұмысқа орналасқан сотталғандар қоғамға қайта сіңісіп, өз өмірін жаңа бағытта бастауға мүмкіндік алады” – деді инспектор.
Алдағы уақытта да пробация қызметі есепте тұрған азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту бағытында жұмыстар жүргізуді жалғастырады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!