Мемлекет басшысы Жолдауында елімізде «Заң және тәртіп» қағидатын біржола орнықтыруда полиция айрықша рөл атқаратынын атап өтті. Қылмыспен күрес, қоғамдық тәртіпті сақтау аса маңызды міндет екеніне тоқталып, Әділетті Қазақстанды құрудың басты шарты заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету екенін айтып, құқық қорғау органдарына құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесіне баса мән беруді міндеттеді.
Осы ретте ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігімен Мемлекет басшысы алға қойған міндеттердің сапалы орындалуы мен елімізде заң үстемдігі мен әділдікті сақтау бағытындағы жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Басым бағыттардың бірі саналатын қоғам белсенділері мен еріктілер қозғалысын қолдауға Өкілдік тарапынан ерекше көңіл бөлініп келеді. Олардың еңбегі еленіп, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде полицейлерге көрсеткен көмектері үшін марапатталып келеді.
Осы орайда Өкілдік бастығы полиция полковнигі К.Оразалиннің құзырымен Өкілдіктің әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері белсенді азаматтық ұстанымдары мен ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті сақтауға және өңірде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмек көрсетіп, ерекше көзге түскен еріктілерді алғыс хатымен марапаттады.
Алдағы уақытта халық тыныштығын күзеткен полицейлер еріктілермен жұмыс жасап, байланысты жалғастырмақ.
Фото: Полиция департаменті
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!