Жұма, 06 маусым, 03:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 -2154
03.06.2025
PDF мұрағаты

“Балалар түнгі қалада” жедел профилактикалық іс – шарасы қорытындыланды

04.06.2025

124 0

Аймақта 28 мамыр мен 30 мамыр аралығында өткізілген “Балалар түнгі қалада” жедел профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды. Бұл шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер қылмысының алдын алу, кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу, топтық төбелестерді болдырмау. Шараның қорытындысын облыстық полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ердәулет Жаукеев хабарлады.

  • Іс шараның қорытындысымен кәмелетке толмағандарға қатысты барлығы 298 әкімшілік хаттама ресімделді. 16 кәмелетке толмаған жастар ішкі істер органдарының есебіне алынды. Қадағалаусыз және панасыз қалған 1 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жатқызылса, 5 жасөспірім тыйым салынған заттарды алып жүргені үшін полиция бөлімдеріне жеткізілді. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін барлығы 29 ата-анаға хаттама толтырылды. Ортақ пайдаланатын орындарды ластау бойынша 11 құқық бұзушылық анықталды. Түнгі тыныштықты бұзу бойынша 4 кәмелетке толмаған анықталды. Сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуы және сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болуы бойынша барлығы 278 кәмелетке толмаған анықталып, олардың заңды өкілдеріне хаттама толтырылды,- деді Ердәулет Баянбайұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: