Бас прокуратура мен Интерпол Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аса ірі көлемде ақша ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Швециядан экстрадициялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бас прокуратураның хабарлауынша, күдікті 2018 жылы екінші деңгейдегі банктердің бірінің мобильді қосымшасында орын алған жүйелік қателерді пайдаланып, банк картасының ағымдағы шотындағы теңгерімнен асатын сомаларға ойдан шығарылған аударымдар жасаған.
Соның салдарынан банкке 55 млн теңге көлемінде шығын келтірілген.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.
Осы жылы ол Швеция Корольдігінің аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша еліне экстрадицияланды.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
