Жұма, 28 қараша, 11:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90 (2202)
25.11.2025
PDF мұрағаты

Банк шоттарын есірткі сатушыларға берген 10 дроппер ұсталды

28.11.2025

47 0

Фото: freepik.com

Биылғы 16 қыркүйектен бастап банк шотын бөгде адамдарға пайдалану үшін бергендерді қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша арнайы бап күшіне енген еді. ІІМ жаңа норма енгеннен бері дропперлікке қатысты 10 қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Мәселен, Орал қаласының 18 жастағы тұрғыны төлем картасын 2 ай бойы қылмыстық топтың пайдалануына рұқсат берген. Қылмыстық топ оралдықтың банк шотын есірткі саудасына пайдаланған. Сыйақы үшін заңсыз қадамға барған жігіт қолға түсіп, кінәсін мойындаған. 

Сондай-ақ Семейдің 23 жастағы тұрғыны үш ай бойы есірткі сатудан түскен ақшаны қолма-қол шығарып берген.

Атырау облысында да 21 жастағы қыз есеп шотына 400-ден астам ақша аударымын жасауға рұқсат еткен. Тергеу барысында қаржы есірткі саудасынан түскені анықталды.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті аталған сипаттағы қылмыстар үшін 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұлдан бастып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын ескертіп отыр. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: