Сәрсенбі, 27 қараша, 01:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Бақшасында 15 кг аса есірткі еккен тұрғын ұсталды

16.08.2021

537 0

Қызылорда облысы ПД-ті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2021» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында 12 тамыз күні 53 жастағы қала тұрғыны сора өсімдігін өсіргендігі анықтады.

Оқиға орнын тексеру барысында күдікті өз үйінің ауласында 23 түп жасыл түсті өзіне тән ерекше иісі бар өсімдіктерді егіп-өсірген және жасыл түсті өсімдік тәріздес хош иісті затты сақтаған. Сонымен қатар оқиға орнынан өсімдік баптап өсіру үшін құралы яғни 15 метрлік шлангі заттай дәлелдеме ретінде тәркіленді.

Тағайындалған сот-сараптамасының қорытындысына сәйкес анықталған шөп – 23 (жиырма үш ) түп салмағы 15 кг аса сора өсімдігіне жататындығы белгілі болып, ал жасыл түсті өсімдік тәріздес заттың салмағы 329 гр кептірілген марихуанна екендігі бекітілді. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: