Сенбі, 23 қараша, 06:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Бақылаушы сержант қыз

31.07.2023

354 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ депортментіне қарасты №68 тергеу мекемесінде қызмет атқарып, ер азаматтармен иық тірестіріп, бірге жұмыс жасап жүрген  бұрымды арулардың бірі де бірегейі  мекемеде бақылаушы қызметінде жұмыс атқарады. Қазіргі таңда тергеу мекемесінде ең көп сұранысқа ие-бақылаушы қызметі. Бұл қызметте жұмыс жасап жүрген қызметкерлердің басым көпшілігі де жастар. Бүгінде мекемеде 88 бақылаушы болса, олардың көбі  30 ға толмаған тепсе темір үзетін жастар. Соның бірі, Режим және Күзет бөлімінің бақылаушысы, әділет кіші сержанты Нұрзия Қыдырбекқызы. Бұл салаға келуіне мектеп қабырғасында оқып жүріп,  алғашқы әскери дайындық пәнінің әсері мол болған. Арманын жетілдіру мақсатында колледжде заң факультетін бітіріп, біліктілігін шыңдау үшін Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай акедемиясында оқып келген.

          – Бүгінде мекемедегі   атқаратын қызметтік міндетім, бақылау пунктінде мекемеге кірген-шыққан  қызметкерлер мен келушілер (құзырлы орындардан келетіндер мен қамаудағылардың туыстары) жіті қадағалап, келу-кету журналына әрқайсысын жеке тіркеп отыру. Қызмет барысында сақтық пен қырағылық танытып жұмыс жасау қажет. Мекеменің әрбір бұрышында бейне бақылау камералары болса да, әр қызметкер өз міндетін жауапкершілікпен атқару керек. Мекемеге жұмысқа орналасар алдын қызметіме адал боламын деп ант қабылдап, қазіргі таңда қызмет барысында тек адалдықпен жұмыс жасап, шынайылықпен өмір сүруді жадыма сақтағанмын, – дейді РжКБ-нің кіші сержанты Нұрзия Қыдырбекқызы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: