Жексенбі, 22 желтоқсан, 10:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Басқарманың 9 ай қорытындысымен 28 қалта ұрлығы тіркелді

05.10.2022

827 0

Көбіне біздің әрқайсымыз қоғамдық көлікке отырып, еріксіз ұрылардың құрбаны бола аламыз. Өйткені, олар жиі топтарда «жұмыс істейтін» айлакер адамдар. Қалта ұрлығы әдеттегідей жолмен жасалған. Жәбірленуші басқа жаққа алаңдап тұрғанда қылмыскер оның сөмкесіне қол салады да ақшалы әмиянды алады.

Олардың бірі жәбірленушінің назарын аударады, ал екіншісі сөмкеге немесе қалтаға түсіп, әмиянға, ұялы телефонға және басқа да құндылықтарға ие болады. Криминалдық полиция қызметкерлері қылмыскерлерді ұстау үшін үлкен жұмыс атқаруда. Сонымен қатар, басқармаға жыл басынан бері 28 қалта ұрлығы тіркелді.

Мысалы, Қызылорда қалалық ПБ Ақсай полиция бөлімінің 102 жедел арнасына, қала орталығындағы 44 жастағы тұрғын ұрлық туралы арыз берді.

Арызданушының айтуынша азанғы уақытта 08:30 шамасында қоғамдық көлікте үстіне киген қоңыр түсті курткасының сол жақ қалтасының ашық тұрғанын пайдаланып, көк түсті «Самсунг А52» үлгісіндегі ұялы телефонын ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ақсай полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілдері ізін суытпай 33 жастағы қала тұрғынын анықтады. Тергеу іс-әрекеттері барысында күдікті ұрланған мүлікті иесіне қайтарып беріп, өз кінәсін толықтай мойындады.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері ұрылардың әрекет етуіне, әсіресе қоғамдық көлік ыңғайлы екендігін ескертеді. Соның ішінде көп бағытта жүретін көліктер. Автобус салонының ортасында, үлкен есіктің маңында ұрлық көбірек болады. Бұл — ұрының бірден жалтаруына қолайлы орын. Тәртіп сақшылары сол себепті автобусқа мінер және түсер уақытта абай болуға кеңес береді.

Қызылорда қаласы ПБ баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: