Қызылорда облыстық ҚАЖД бастығы “Айбын” орденімен марапатталды. Бұл туралы aqmeshit-aptalygy.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz. сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Шаймерден Есенкелдиев Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталды. Айта кетейік, ҚАЖД бастығы бассейн түбінде жасөспірімнің жатқанын байқап, бірден суға секіріп, баланы сыртқа алып шығып, жедел жәрдем келем дегенше жасанды тыныс алу жаттығуларын жасап, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Дер кезінде көмек көрсетуінің арқасында ес- түссіз жатқан жасөспірім бала аман қалған еді. Адам өмірін құтқарып, көзсіз ерлік көрсете білген Шаймерден Есенкелдиев 2020 жылдан бері ҚАЖ департаментінің бастығы лауазымында абыроймен қызмет атқарып келеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!