Жексенбі, 22 желтоқсан, 07:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Басты мақсат -соттың оң иммиджін қалыптастыру

20.12.2024

158 0

         Еліміз тәуелсіздік алғаннан соң реформалар жүргізу кезінде сот билігінің мәртебесі мен өзекті рөлі мемлекеттің саяси және құқықтық жүйесінде заңды түрде танылып, құқықты мемлекет талаптарына сәйкес келетін сот жүйесін құруға бағыт алынды. Біздің мемлекетте сот жүйесін құру кешенді сипаттағы ұйымдастырушы және құқықты шаралармен жүргізілді.

      Судья және сот қызметкерлерінің міндеттерін айқындап олардың азаматтар алдындағы оң имиджін көтеру мәселелері соңғы жылдары жиі талқылануда. Расында, жүгі ауыр осы саланың қоғам алдындағы беделін еселеп арттыратын уақыт келді. Бұл үшін судьялар әрқашан әділ шешім шығарып, әр уақытта барлық мәселені тең ұстауы керек.

         Судьялар мен сот қызметкерлерінің жұмыстары ұдайы БАҚ беттерінен де жарық көріп отырады. Олармен терең сұхбаттасып, азаматтарды толғандырған мәселелерге жауап алынады. Сондықтан болса керек, ел призеденті Қ.Тоқаев судьялар мен БАҚ арасындағы байланысты жаңа деңгейге шығару жайлы сөз айтқан болатын.

          Қазіргі таңда сот саласының басты мақсатының бірі қос тарапты ымыраға келтіріп, татуластыру. Бұл да халық арасында сот саласының сот қызметкерлерінің абыройын арттыруда. Бір елде тұратын азаматтардың дауласып, жаза тағайындалуынан көрі татуластыру әдісі өте ұтымды болып отыр. Ел жұртқа қолайлы жұмыс жасау мен заң баптарына сай әділ шешім шығарудың арқасында сот саласының абыройы асқақтап, халықтың сеніміне терең бойлауда. Бұл да сот саласының соңғы жылдарда жеткен ең жарқын жетістігінің бірі болса керек.

Сот жүйесінің беделі халықтың оған деген көзқарасы, сенімі арқылы айқындалғандықтан, соттың жұмысы халық үшін қолжетімді болуы шарт. Соттарда өтетін іс шаралар көп жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылып келеді. Сот жүйесіндегі жаңалықтардың барлығы тілшілер қауымының арқасында халыққа түсіндіріледі.

Тәуелсіз сот және бұқаралық ақпараттық құралдары анғыз демократиялық мемлекеттің тірегі. Сондықтан халықтың құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында қоғамның сот жүйесіне деген сенімін арттыруға ықпал етеді деген сенімдемін.

                                                                                                                                                                       А.Нешжанова

                                                                                                         Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: