Бейсенбі, 02 қазан, 11:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74, 2186
30.09.2025
PDF мұрағаты

Батыс Қазақстан облысында қару-жарақ пен оқ-дәрі арсеналы табылды

02.10.2025

48 0

БҚО-да заңсыз қару-жарақ пен киік мүйіздері тәркіленді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысында «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер қыстақтағы шаруашылық қожалығының басшысына тиесілі үйді тінту кезінде бірқатар заңсыз заттарды анықтады.

«Тәртіп сақшылары үй ішінен қолдан жасалған атыс құрылғысын, екі аңшы мылтығын, екі шолақ мылтықты, түрлі калибрдегі 104 оқ-дәріні және 30 дана киік мүйізін тапты», – делінген хабарламада.

Үй иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Жалпы облыс көлемінде іс-шара кезінде заңсыз сақталған 16 қару тәркіленгені айтылды. Оның ішінде 10 аңшы мылтығы, 2 шолақ мылтық, 1 винтовка, 1 травматикалық қару және өзге де 2 қару бар.

Сонымен қатар 164 оқ-дәрі алынған, оның 7-еуі – ойық ұңғылы, 157-сі – тегіс ұңғылы қаруға арналған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: