Түркістанда бейнебақылау камераларын әдейі бүлдірген екі күдікті анықталып, ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қылмыс бейнебақылау жүйелерінің көмегімен ашылды. Оқиға қала көшелерінің бірінде тіркелген.
Белгісіз тұлғалар 4 камераны қасақана сындырған. Салдарынан 700 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірілді.
Тергеу барысында оқиғаның түнгі сағат 01:00 шамасында болғаны анықталды. Беттерін маскамен жасырған екі жігіт ұзын ағашпен камераларды істен шығарған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
