Сейсенбі, 26 қараша, 04:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Білім беру мекемесіне ұрлыққа түскен

20.03.2021

1354 0

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жалағаш ауданының полиция бөліміне 16 наурыз күні білім беру мекемесінің басшысы арызданған. Белгісіз біреулер мекеменің ауласында тұрған «Камаз» автокөлігінің қосалқы бөлшектерін ұрлап кеткендігі туралы көрсеткен.

Жүргізілген жедел-тергеу жұмыстарының нәтижесінде аудандық тәртіп сақшылары қылмысқа қатысты екі күдікті азаматты анықтап, ұстаған. Олар 47 және 28 жастағы аудан тұрғындары болып шықты. Күдіктілер жасаған әрекеттерін толығымен мойындады. Айғақ заттар алынды.

Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (Бөтен мүлік ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: