Жексенбі, 22 желтоқсан, 13:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Біреудің ауласынан 5 млн теңгенің құрылыс заттарын ұрлаған адам ұсталды

03.05.2022

972 0

Қызылордада біреудің ауласынан 5 млн теңгенің құрылыс заттарын ұрлап кеткен адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс орталығының тұрғыны қалалық Полиция басқармасына меншік үйдің ауласында тұрған құрылыс заттарын ұрлап кеткендігі жөнінде арызданды. Оның жалпы құны 5 млн теңгені құрайды.

«Полиция қызметкерлері оған күдікті ретінде 45 жастағы қала тұрғынын ұстады. Бұл бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Еске салсақ, Қызылорда тұрғыны несие әперем деп танысының 5,6 млн теңгесін қалтасына басты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: