Бейсенбі, 26 желтоқсан, 20:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Бірлігі жарасқан әріптестер

21.08.2023

587 0

          Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінің қайсарлы жігіттері спорт күніне орай бой сергіту мақсатында футбол алаңына жиналып, топтасып футбол ойнады.

          Мекемедегі қауырт жұмыстардың әсерінен кейде қызметкерлер жеке өмірдің бар екендігін естен шығарып жатады. Алайда, жексенбі күнін оңтайлы пайдаланатын  мекемедегі жігіттер бірге бас қосып, жиналған болатын.  «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»  демекші, жігіттер қауымы екі топқа бөлініп,  бір-бірімен бәсекеге түсті. Тартысты ойын бірнеше сағатқа ұласып, ұжымдастар командасы қақпаға бірнеше гол салудың нәтижесінде бәскелестерін басып озды десекте болады. Жеңіске жеткен топ өзара той тойлап, жеңісін тойлады. Сондай-ақ, алдағы демалыс күндері  мүмкіндік туып жатса  спорт күніне арнап, футболдан басқа да ойындарды ойнауға бір-бірін шақырды.

– Жігіттер футбол десе ішкен асын жерге қояды. Менде дәл сол жігіттердің қатарынанмын десемде болады. Жігіттердің басын қосып, барлығын бір ойын алаңына жинап, бірлестік. Осы орайда екі команда болып жасымызда үлкенімізде ұйымшылдық пен ойын ойнап, өзімізді жігерлендірдік. Ойында қанша жүгіріс болса, жұмысқа деген шабытты соншалықты арттырдық. Ұжымдастарымызбен ойын соңында бірлесіп, кішігірім жеңісімізді атап өттік,- деді Режим және Күзет бөлімінің бақылаушысы әділет сержанты Рүстем Құтымбек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: