Дүйсенбі, 25 қараша, 17:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Бишімбаевтың ісіне қатысты аппеляциялық соттың қашан өтетіні белгілі болды

12.06.2024

628 0

Сурет: жоғарғы сот

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаевтың ісі апелляциялық сотқа жіберілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Соттың мәліметінше, үкім жарияланғаннан кейін сотталушылар мен олардың қорғаушыларынан заңмен белгіленген мерзімде үкімге қарсы шағымдар келіп түскен. 10 маусымда Бишімбаев пен Байжановқа қатысты қылмыстық іс Астана сотына жіберілді.

“Олар апелляциялық шағымдарында Б. Байжановты оның іс-әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтауды, үкімнің Қ. Бишімбаевқа қатысты тармағы бойынша айыптау бөлігін өзгертіп, оның іс-әрекеттерін өзгертілген біліктілікке сәйкес жазаны төмендете отырып, қайта саралауды, сондай-ақ істі қайта қарауға жібере отырып, сот үкімінің күшін жоюды сұрады”,  – делінген сот хабарламасында. 

Судьяның 11 маусымдағы қаулысымен істі қарау 2024 жылғы 26 маусым күні сағат 10:00-ге белгіленді. Сот отырысы Астана қаласы Ғ.Әлиев көшесі, 6 мекенжайы бойынша сот ғимаратында өтпек. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: