Жексенбі, 22 желтоқсан, 22:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Бишімбаев келіншегін отбасылы еркектермен жүрген деп айыптады

01.04.2024

2038 0

Сурет: stan.kz

Бишімбаевтың сөзінше, жұбайы екеуінің арасындағы жанжалға Нүкенованың бұрынғы жақын қарым-қатынасы себеп болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Менің кабинетімде бір адамның суреті, яғни сол адаммен менің түскен суретім тұр. Салтанат бір кездері сол адамның көңілдесі болған екен. Мен оны танимын. Бұл ақпарат төбемнен жай түскендей болды. Ол Салтанаттан 20 жастан аса үлкен, 4 баласы бар. Қазақстанға танымал адам. Сенімді болу үшін атын да айта кетейін”, – деді Қуандық Бишімбаев. 

Сот айыпталушыға ескерту жасап, біреудің атын атаудың қандай салдары болуы мүмкін екенін түсіндірді. 

“Мен оның жеке деректерін жария етейін деп тұрған жоқпын. Тек атын ғана айтамын – Райымбек. Мен ол адамды танимын, жұмыс барысымен танысқанбыз, ортақ танысымыз көп. Қатты таңғалдым”, – дейді Қуандық Бишімбаев. 

Оның сөзінше, Қуандық Салтанатқа ашық сөйлесейік, жасырмай айтшы деген.

“Ең қатты ренжігенім – біз демалысқа барып, оңаша қалғанда ештеңе айтпағаны. Сол кезде “неге айтпадың, тойға дейін мүмкіндігің болды ғой” деп ем, “қалай айтамын, екеуіміздің қарым-қатынасымызды бұзып алам ба деп қорықтым” деді. 

Ол 22 әлде 23 жасында Максим есімді азаматқа тұрмысқа шыққысы келген, ол келіп құда түскен. Сол кезде ол жігіт те осы деректерді естіп, той болмай қалған екен. Осындай салдарынан қорқып, менен жасырып қалыпты. Оны енді қазір неге айтып жатсың, бұл да қарым-қатынасқа зиянын тигізеді ғой деп ем, “мүмкін біреулерден естіп қаларсың” деп қорықтым дейді”,  – деп айтып берді экс-министр.  

Бишімбаев оның қарым-қатынас тәсілі осындай болған дейді.

“Оның бұған дейінгі Данияр есімді жігіті де отбасылы адам болған, ол Павлодар облысы басшысының баласы Ринатпен де кездескен, ол да отбасылы адам. Мұның бәрін маған әлдекімдерден естіп қоя ма деп айтқан екен. 20 жастан бастап 27-28 жасқа дейін өмір салты осындай болған. “Әдемі қызсың, айналаңда жігіттер де аз болмаған шығар, неге мұндай әрекетке бардың деп ем “қаншалықты мойындау қиын болса да айтайын, маған материалдық қолдау керек болды” деді. 

Нүкенованың адвокаттары іс материалдарында жоқ ойдан құрастырылған мәліметтерді айтуға тыйым салуды сұрады. Оған ешқандай дәлел де жоқ деп шағымданды олар. 

Ал Бишімбаевтың қорғаушылары “іс материалдарына қосылған деректі ғана айту керек деген сөз емес қой. Айыпталушы қалағанын айтсын, сосын дәлел бар ма, жоқ па тексеріп аламыз” деді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: