Бүгін әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот шешімі шығады. Істі қарап жатқан алқабилер мен судья үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұған дейін алқабилер кеңесу бөлмесінде негізгі үш сұрақтың жауабын беруі керегін айтқан едік.
Қазіргі таңда судья және 10 негізгі алқаби осы іс бойынша шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне барады. Соттың шешімін жариялайтын уақыт кейін жарияланады, – деді судья Айжан Құлбаева.
Еске салайық, бұған дейін Салтанаттың әкесі мен адвокаты Бишімбаевтың қанша жылға сотталатынына болжам жасаған еді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!