Дүйсенбі, 29 қыркүйек, 11:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№73, 2185
27.09.2025
PDF мұрағаты

Блокчейн мен криптоанализ: полиция жұмысына жаңа технологиялар енгізілмек

29.09.2025

88 0

Фото: ІІМ

 ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда қаласында ішкі істер органдарындағы цифрлық криминалистика мәселелеріне арналған өңіраралық форум өтті.

Форум Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Негізгі мақсат – қылмыстарды ашу мен тергеу барысында полиция қызметіне заманауи цифрлық және инновациялық технологияларды енгізу. Форум Қызылорда облысы полиция департаментінің криминалистикалық полигонында өтті. 

Онда криптовалюта активтерін шығару тетіктері жан-жақты талданып, блокчейн технологиясы мен криптоанализдің негіздері қарастырылды. Бұл тәсілдер цифрлық активтердің қозғалысын бақылауға және қылмыстық істер бойынша дәлелдемелер базасын нығайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар заманауи криминалистикалық техниканың жаңа үлгілері мен цифрлық шешімдер таныстырылып, практикалық шеберлік сабақтары өткізілді.

Ішкі істер министрінің орынбасары С. Адилов криминалистикалық қызметтің жетістіктеріне тоқталып, қылмыстарды ашуда заманауи техниканың рөліне, үздік тәжірибелерді қолданудың маңыздылығына және цифрлық криминалистиканың ішкі істер органдары қызметіндегі ерекше орнына назар аударды.

Айта кету керек, Қызылорда облысы полиция департаментінде заманауи техникалық құралдармен және оқу-жаттығу алаңдарымен жабдықталған, еліміздегі ең озық криминалистикалық полигондардың бірі жұмыс істейді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында:

«Заң және тәртіп» — мемлекетіміздің мызғымас тұғыры. Қоғамда осы қағиданы түбегейлі орнықтыру үшін барлық құзырлы органдар арасында ортақ көзқарас пен ортақ ұстаным болуға тиіс. Бұл — ең алдымен, ешқандай құқық бұзушылыққа жол бермеу қағидасы, яғни кез келген заңсыздыққа қарсы тұру деген ұстаным. Сондықтан мемлекеттік органдардың осы бағыттағы жұмысын барынша қолдау қажет. Сонда ғана елімізде құқық бұзушылыққа, озбырлық пен зорлық-зомбылыққа қарсы сана-сезім қалыптасады, қоғамға жат кез келген әрекетке төзбеушілік пайда болады, — деген еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: