Дүйсенбі, 03 ақпан, 19:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№8, 2121
01.02.2025
PDF мұрағаты

«Босатылғаннан кейінгі өмірім» атты тренинг өтті

03.02.2025

10 0

Қызылорда облысы ҚАЖД №60 мекемесінің психолог мамандары жазасын өтеп жатқан сотталғандарға босатылғаннан кейінгі сәтті әлеуметтік бейімделуге дайындауға бағытталған оңалту бағдарламаларына ерекше назар аударып, қарқынды жұмыстар атқаруда.

Психологтар өзін-өзі дамытудың маңыздылығына және түзеу мекемелерінің қабырғаларынан тыс жаңа өмір құру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға, сонымен қатар сотталғандардың психоэмоционалды жағдайын жақсартуға ғана емес, қайталану деңгейін төмендетуге де ықпал етеді. Бүгін мекеменің психологиялық қамтамасыз ету тобының психолог мамандары бірлесіп сотталған азаматтар арасында «Бостандыққа психологиялық дайындық» тренинг сабағы өткізілді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты жазасын өтеуші азаматтарды бостандық өмірге дайындай отырып, психопрофилактикалық сұхбат жүргізу.
Шара барысында психологиялық тренинг жаттығулары өткізіліп, сотталғандарға психологиялық қолдау көрсетілді. Сонымен қатар соттадғандарды қабылдау барысында, олармен қосымша қайталап қылмысқа жол бермеу, қоғамға бейімдеу тұрғысында сұхбат жүргізілгеннен соң, психологиялық тест жұмыстарын алды.

«Психологпен сұхбаттасу барысында өзімнің бостандыққа шыққандағы сәтті күндерді елестете отырып, өз мақсаттарымды нақтыладым. Бостандыққа шыққан соң, қайта қылмыс жасамаймын, өз күшіммен еңбек етіп, жаңа өмір бастаймын деген сенімдемін»,– дейді сотталған А-деген азамат.

№60 мекеме баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: