Жұма, 22 қараша, 19:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

 БҚО-да полицей байқаусызда өзін атып жіберген

24.06.2024

248 0

Сурет: Н.Нұржаубай

БҚО-да ПД бөлімшесінде полицей оқ жарақатын алды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Алдын ала болжам бойынша, ол өзін байқаусызда атып жіберген. БҚО Полиция департаментіндегілер бұл дерекке қатысты пікір білдірді. 

«Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазіргі уақытта полицей жансақтау бөлімінде жатыр. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген хабарламада. 

БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ер адам жарақат алғаны туралы ақпарат 07.41-де түскен. 

«Жедел медициналық жәрдем бригадасы 2003 жылы туған ер адамды облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізді. Науқасқа шұғыл түрде операция жасалды. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр», – деді БҚО денсаулық сақтау басқармасы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: