Жұма, 27 желтоқсан, 05:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Бүйрегін езіп, бас сүйегін сындырып, темекіні арқасына басқан»:Әскерде қаза тапқан сарбаздың эксгумация қорытындысы шықты

09.06.2024

808 0

Сурет:желі кадрдан

Екі жыл бұрын қаза тапқан мерзімді сарбаз Алмас Шахимовтың туыстары эксгумация жасатып алты ай күткеннен соң, сараптама нәтижесімен бөлісті. Олардың күдіктері расталып, сараптама нәтижесінде сарбаздың денесінен пышақ жарақаты мен түрлі аяусыз соққылардың ізі анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Алматы қаласында әскери борышын өтеуге кеткен Алмас Шахимовтың отбасына екі айдан соң қаралы хабар келген. Ол кезде өлімнің ресми себебін жазатайым оқиға деп берген. Сарбаз оқу жаттығу кезінде өзгелерге қауіпсіз жерге баруға көмектесіп, өзі қатты дауылдың әсерінен құлаған метал жабдықтың астында қалып, мерт болды делінген. 

“Алғашында бізде көптеген айғақ дәлелдер болғандықтан эксгумация жасатуға қарсы болдық. Алайда әскерилер кейін барлық айғақтарды, ұлымның әскери киімдерін, полигондағы бейнежазбалардың бәрін жойды” , – деді Алмастың анасы. 

Деректерге сүйенсек осынша уақыт өткеннен соң марқұмның туыстарының күдіктері расталған.

“Мәйіт сараптамасынан оң жағынан үш пышақ жарақаты, қылқындырған іздер, 26 дене жарақаты анықталған. Оның бүйрегін езіп, бас сүйегін сындырып, темекіні арқасына басып,  сөндірген”, – деп қосты анасы.

Одан бөлек, анасының айтуынша, Алмас бағынышты болған офицер әскерге қабылдана сала жігіттің атына несие алғызған. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: