Сенбі, 21 желтоқсан, 23:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Бұрынғы төтенше жағдай вице-министрі 5 жылға сотталды

07.08.2024

319 0

Қазақстанның бұрынғы төтенше жағдай жөніндегі вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Экс-шенеунік Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық бағынысты мекемелерінің басшылығына жеке үйінің құрылысына әскери қызметкерлер мен арнайы техника тартуды тапсырған. 

Сот Ибрагим Күлшімбаевты қызметтік лауазымын асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танып, оны 5 жылға бас бостандығынан айырды. 

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Сондай-ақ сот Президенттің атына айыпталушыны «генерал-майор» әскери атағынан айыру туралы ұсыныс енгізу туралы шешім қабылдады.

Ибрашим Күлшімбаев өткен жылдың ақпан айында Түркияда болған жер сілкінісінің салдарын жоюға аттанған қазақстандық құтқарушылар тобын басқарған еді. Сондай-ақ ол баспасөз мәслихатында 9 балдық жер сілкінісі кезінде Алматыдағы тұрғын үйлердің үштен бірі қирап қалуы мүмкін екенін айтты.

Экс-шенеунік 2020 жыоы вице-министр лауазымына тағайындалып, 2023 жылы қызметінен босатылды.

Бұрынғы төтенше жағдай вице-министрі  5 жылға сотталды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: