Сәрсенбі, 03 шiлде, 23:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Cотталғандар арасында  «Жырлайды жүрек» атты  әдеби – сазды кеш өтті

09.02.2024

236 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде жазасын өтеушілерге қазақтың ақиық  ақыны Мұқағали Мақатаевтың 93 жылдығына арналған «Жырлайды жүрек»  атты  әдеби кеш өтті. Әдеби кешті мекеменің тәрбие бөлімі мен  Шиелі аудандық жалпы орта білім беретін кешкі мектептің мұғалімдері ұйымдастырды. Әдеби кешті кешкі мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ә.Байтілеуова  ашып, ақын өміріне,шығармашылығына тоқталды.

Кеште сотталған азаматтар Мұқағали әлеміне тереңірек бойлап,оның сыршыл поэзиясын, жебелі жырларынан өлеңдер оқыды. Ақынның өмірі мен шығармашылығынан бейнесюжеттер көрсетіліп, Мұқағали ақынның өз дауысымен оқыған бірқатар өлеңдері ұсынылды .Сотталған азаматтар да ақынның «Апырмай, туған  жер-ай», «Ғашықпын!», «Дос болам десең», «Әке» өлеңдерін жатқа айтты.
Әдеби кеш соңын ақыннның сөзіне жазылған «Саржайлау» әнімен аяқтады. 

— Мұқағали есімі қазақ поэзиясының символына айналған ұлы ақын.
Поэзияның  адам жанын жақсылыққа, ізгілікке, сұлулыққа тәрбиелейтін қасиеті бар.  Біздің әрқайсымыз, мектеп қабырғасынан ақын өлеңдерімен сусындап өстік Ақын  жырлары – әр адамға күш-қайрат, рух беретін өзгеше бір әлем. Бүгінгі кештің өтуі  шынымен мені қуантты. Кеште ақынның «Әке» өлеңін оқып, кештен керемет әсер алдым»,- деді сотталған азамат

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: