Сейсенбі, 31 желтоқсан, 01:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№103 — 2113
31.12.2024
PDF мұрағаты

«Дабыл жүйесі істен шыққан»: Антикор Дариға Назарбаеваның ұлын тексермек

24.01.2024

468 0

Фото: 7kun.kz

Әлеуметтік желіде Алматыдағы жер сілкінісін хабарлау жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуіне кінәлілер туралы жазба жарияланған болатын. Дариға Назарбаеваның ұлы Нұрәлі Әлиевтің қатысы бар екені айтылған ақпарат та тарады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі ақпаратқа байланысты жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Біз ол ақпараттан хабардармыз. Сондай-ақ, әріптесіміз, қоғамдық кеңес мүшесі Дидар Смағұловтың әлеуметтік желідегі жазбасын оқыдық. Бұл факті бойынша «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің арызын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Алматы қаласы бойынша департаменті тіркеді. Материалдар өкілетті органға тексеру жүргізу үшін жолданды», – дейді Арман Тілеукенов.

Тексерудің қорытындысы халыққа хабарланады деп қосты.

«Сол тексерудің қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданып, БАҚ пен қоғамға хабарланады», – деді Антикордың ресми өкілі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: