Ақтауда, 7А ықшам ауданында, теңіз жағалауындағы дәмханалардың бірінен 1 желтоқсанда дарға асылған ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, оның асылып өлгені белгілі болды. Оқиға орнында жазып қалдырды дейтіндей хат табылған жоқ. Туыстары оның басынан проблема болғанын білдіретіндей белгілерді байқамағандарын айтады», делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі аталған іс бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабының, 1-бөлігі, «Өзін-өзі өлтіруге жеткізу, өзін-өзі өлтіруге итермелеу немесе ат салысу» бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
