Жексенбі, 24 қараша, 18:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Денсаулық сақтау мамандары сотталғандармен кездесті

28.03.2023

797 0

Қызылорда облыстық және қалалық аурухана, көпбейінді облыстық аурухана дәрігерлері мен №3 қалалық емхана дәрігерлері ҚАЖД бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыров №60 мемлекеттік мекемесіне сотталғандардың денсаулық жағдайымен танысып, мамандандырылған дәрігерлік кеңес берді.
Мамандандырылған дәрігерлер құрамында білікті әрі тәжірибелі травматолог, проктолог, кардиолог, эндокринолог, пульманолог, гастроэнтролог және офтальмолог бар.
Дәрігерлер жеке қабылдауын жылжымалы медициналық кешенде де жалғастырды. Бұл кешенді шағын емхана деп сеніммен айтуға болады. Біріншіден, мұнда рентген бөлмесі, терапевт қабылдау жүргізетін бөлме, биологиялық анализдер, яғни сараптамалар алынатын орын, оларды сақтайтын арнайы медициналық тоңазытқыш та орнатылған. Сонымен қатар, УЗИ және ЭКГ кабинеті орналасқан.
Медицина қызметкерлері жазасын өтеушілердің денсаулық жағдайымен танысу барысында сотталғандармен кездесіп, денсаулығы бойынша шағымдарын тыңдап, 200 – ге таяу жазасын өтеушіге жеке қабылдау өткізді.


Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: