Бейсенбі, 26 желтоқсан, 23:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Дербес кассациялық сот құру – сот әділдігін арттырады

20.11.2024

355 0

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев съездегі сөзінде де, жолдауларында да сот жүйесін одан әрі реформалау, қылмыстық жүйені жаңғырту, сондай-ақ туралықтан танбайтын әділ сот төрелігін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтуде. Соттарға заңдылықты, әділеттілікті және бәсекелестікті қамтамасыз ету міндетін қойды.

Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізгі өлшемі. Бұл – заң алдында бәрі бірдей, тең құқылы деген сөз. Сол себепті, сот органдары азаматтардың басты қорғаны болуы керек. Елде заң үстемдігі орнаса, халықтың билікке деген сенімі нығаяды.

Биыл шілде айында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша жеке-жеке кассациялық сот құруды қарастыратын заң қабылданды. Кассациялық соттардың дербестігі азаматтарымыздың сот төрелігінде қол жеткізуіне мол мүмкіндік береді. Ең бастысы, бұл әділдік қағидаттарын және құқық үстемдігін толық жүзеге асыруға ықпал етеді.

Кассациялық сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Жоғарғы Сот Төрағасы уәкілетті органның ұсынуы негізінде әрбір кассациялық сот үшін судья санын Жоғары Сот Кеңесімен келісу бойынша белгілейді. Бұл өзгерістер мен толықтырулар 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі. Оған заң саласындағы жұмыс өтілі 18 жылдан кем емес, судья лауазымындағы жұмыс өтілі 8 жылдан кем емес, соның ішінде, облыстық сот судьясы ретінде 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар азамат судья бола алады. Кассациялық тәртіпте, заңды күшіне енген сот актілерін қарау, алдын ала қарауды өткізбеу, істі мәні бойынша ақылға қонымды 6 айға жуық мерзімде қарау, кассациялық тәртіпте 3 құрамды сот болып қарау көзделген. Бұл – сот жүйесінің әділ жұмыс істеуіне кепілдік беріп, азаматтардың сенімін арттырады.

З.Абылайқызы

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: