Діни экстремизм –зорлық-зомбылық пен төзімсіздікті тудыратын радикалды идеологияның көрінісі. Бұл құбылыс көбінесе өз діни сенімдерін шындық ретінде қабылдайтын, басқа діни көзқарастарды қабылдамайтын адамдардың әрекеттерімен байланысты. Діни экстремизмнің салдары кең ауқымды, сондықтан оның алдын алу шаралары күн тәртібінен түспеуі тиіс. Осыған орай Қызылорда облысы дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог мамандары қала мектептерінде болып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу Н.Ахмадеева атындағы №112 орта мектепте, Абылай хан атындағы №140 мектепте, Ғ.Мұратбаев атындағы №171 орта мектепте, Ә.Молдағұлова атындағы №173 орта мектепте,А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектепте, Б.Шалғынбаев атындағы IT мектеп-лицейінде, К.Қаракөзов атындағы №235 мектеп-гимназиясында, Б.Момышұлы атындағы №253 орта мектепте өтті. Іс-шара барысында теологтар интернетте жат ағым өкілдерінің уағыз-насихаттары кең таралғанын айтып, діни ақпаратты арнайы рұқсат етілген ресми сайттардан ғана алуға болатынын ескертті.
Мұндай іс-шаралардың мақсаты – жеткіншектердің, отбасы мүшелеріне, туысқандары мен таныстарына проблемалық мәселелер туындаған жағдайда көбірек көңіл бөлуге шақыру. Өйткені өмірдің қиын кезеңінде адамдар дәстүрлі емес діни бағыттарға еріп кетуге бейім. Әлеуметтік желілерде радикалды, экстремистік көзқарастағы бейнематериалдар мен жазбаларды таратқандығы үшін бас бостандығынан айырылған жасөспірімдер бар. Адамдар әлеуметтік желідегі пікірлері үшін де жауапқа тартылатындығын білгені дұрыс.
Балауса Сыздықова,
Қызылорда облысы дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының журналист маманы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
 
				 
					