Жексенбі, 22 желтоқсан, 17:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Доңғалағын қысқы маусымға ауыстырмаған көлікпен жүруге тыйым салынады

15.11.2022

463 0

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды baq.kz тілшісі. 

Жаяу жүргіншілер қоршаған ортаға ерекше назар аударуы керек. Өйткені көлік кенеттен тоқтай алмайды. Сондықтан жолдан өту кезінде жүргізушінің жол беретініне көз жеткізіп барып, қана жүрісті жалғастырыңыз. Құлаққаптар, телефон және капюшондар адамның назарына кедергі келтіретінін ескеріңіз, – деп атап өтті ведомство өкілі. Сонымен қатар ол жеке құрам қиындыққа тап болғандардың барлығына көмек қолын ұсынатынын айтты. 
ІІМ қызмет өткеру кезінде жеке құрамға қиын жағдайда қалған барлық адамдарға көмек көрсету тапсырылды. Сондай-ақ заңнамаға сәйкес қысқы кезеңде қысқы шиналармен жабдықталмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатынын еске салу қажет. Автокөлік иелері ауа-райының өзгеруін мұқият қадағалап отыруы керек, егер климат нашарласа, елді мекендерден тыс жерлерге шығуды шектеуі керек, – деді Шұғыла Тұрлыбек.Еске сала кетейік, бұған дейін ел аумағында жыл басынан бері 2 мыңнан астам қазақстандық жол апатынан қаза болғаны туралы жазған болатынбыз. Әсіресе қарашада 300-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 60-қа жуық адам қайтыс болып, 400-ге жуық адам жарақат алған.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: