Жұма, 24 қазан, 12:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Дрифт жасаған жүргізушілер ұсталды

24.10.2025

47 0

Фото: видеодан скриншот

Алматы облысында жол ережесін өрескел бұзып, дрифт жасаған жүргізушілер ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Әлеуметтік желіде Алматы облысы Шамалған ауылы маңында түсірілген видео тарады. Кадрларда бірнеше жүргізуші жолдың бойында дрифт жасап, өзге көлік жүргізушілерінің өміріне қауіп төндіргені байқалады

Полиция тексеріс жүргізу барысында оқиғаға қатысқан барлық тұлға анықталып, аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Анықталғандай, құқық бұзушылар Қарасай ауданының тұрғындары – 1999, 2003 және 2007 жылы туған азаматтар. Оларға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің жеті бабы бойынша әкімшілік материалдар толтырылды. Барлық көлік құралдары арнайы айып тұрағына қойылып, жүргізушілер көлік құралын басқару құқығынан 6 ай мерзімге айырылды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері құқық бұзушылармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, оларға қолданыстағы заңнама талаптары мен өздерінің жауапсыз әрекеттерінің салдарын түсіндірді. Полиция мұндай заңбұзушылықтар тек өздерінің ғана емес, басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретінін атап өтті, – деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: