Жұма, 24 қазан, 12:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Дроппер: жаңа норма бойынша алғашқы адам қамауға алынды

24.10.2025

47 0

Фото: polisia.kz

Алматыда тіркеу деректері мен QR-кодын белгісіз адамдарға берген жеке кәсіпкер жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында осы деректер арқылы алаяқтық жасады деген күдікке ілінген адам ақша аударымдарын жасағаны анықталды. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстанда заңсыз транзакциялар үшін банктік деректемелерін берген жеке адам алғаш рет қылмыстық жауапкершілікке тартылып, қамауға алынды. Жаңа норма бұған дейін жауапкершіліктен тыс қалған қаржылық алаяқтық тізбегін тиімдірек тоқтатуға мүмкіндік береді, – деді Алатау аудандық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Тимур Мулинов.

Алматы полициясы азаматтарға өздерінің банк және тіркеу деректерін бөгде адамдарға беруге болмайтынын ескертті. Мұндай әрекеттер шот иесінің пайда көрмегеніне қарамастан, қылмысқа қатысу ретінде қарастырылуы мүмкін.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: