Жексенбі, 22 желтоқсан, 08:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Екі күнде 95 жаяу жүргінші жол жүру ережесін бұзған

23.04.2021

2120 0

Облыс аумағында жаяу жүргіншілердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың сәуірайының 21-23 күндері аралығында «Жаяу жүргінші» жедел-профилактикалық
іс-шарасы өткізілуде.

Екі күнде 95 жаяу жүргінші жол жүру ережесін бұзған

Шараның 2 күнінде 537 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жаяу жүргіншіге жол бермеген (ҚР ӘҚБтК-нің 600бабы)-36 жүргізуші, көлік құралын мас күйде басқарған (ҚР ӘҚБтК-нің  608бабы)-4, құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқарған,(ҚР ӘҚБтК –нің 612 бабы) -29, жаяу жүргіншінің жол жүрісі қағидасын бұзған (ҚР ӘҚБтК-нің  615бабы) – 95 жаяу жүргінші әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Сонымен қатар 32 азамат қоғамдық орында алкогольдік ішімдік iшіп, масаң күйде жүрген (ҚР ӘҚБтК-нің  440бабы).

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: